ПОДЕЛИТЬСЯ
12 маусым 2018 | 15:08
"Ақысына дәрісте отырып беремін": Астаналық студенттер желіде жарнама беріп жүр
Астанадағы жоғары оқу орындарының студенттері өз орнына сабаққа баратын адамдарға ақы төлеуге дайын. Tengrinews.kz тілшісі "ВКонтакте" желісіндегі пабликтерде осындай қызмет ұсынған жарнамаларды анықтады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанадағы жоғары оқу орындарының студенттері өз орнына сабаққа баратын адамдарға ақы төлеуге дайын. Tengrinews.kz тілшісі "ВКонтакте" желісіндегі пабликтерде осындай қызмет ұсынған жарнамаларды анықтады.
Аноним қолданушылар пән, уақыт, дәріс күні және оған төленетін сома көрсетілген жарнамаларды жариялап отырады. Бұған келіскендер жарнамаға плюс белгісін немесе лайк қояды.
"ВКонтакте" желісінде ашық қолданыстағы топ бар. Онда посттар мен жазбалар қалдырады. Оның астына плюстер қояды. Ол төлем үшін дәрісте отырып беруге дайын адамдар. Мұндайды бірнеше жыл бойы көріп келемін. Көбіне қалаға ауылдан келгендер. Олар сабаққа барып үлгермейтін болуы керек. Ал сабақтан қалуға болмайды. Сосын кейбірі сырқаттанғаны туралы анықтама керек деп жатады. Егер шамалаған уақытына анықтама ала алмаса, өзі үшін дәрісте отырып бергендерге ақша төлейді", - дейді студенттердің бірі.
Бұл жарнамаларға қарағанда, бір дәрісте отырып беру құны 500 теңге. Ал кейбірі өз орына апталап та адам жалдайды екен.
"Мұндай посттар өте көп. Бір дәріске отырып беру құны 500 теңге. Бір күнге екі мың теңге, аптасына он мың төлейді. Ақшаға конспект де сатып алуға болады. Студенттер өте көп. Кейде дәрісте ұйықтап отыратындар бар және оқу орнына мүлде қатысы жоқ адамдар да отырады", - дейді қыз.
Показать комментарии
Читайте также