әл-Фараби даңғылы - әлемнің ең қымбат көшелерінің бірі

©Аlmaty-kazakhstan.net

Алматыдағы әл-Фараби даңғылы Cushman & Wakefield компаниясының есебі бойынша әлемнің ең қымбат көшелерінің тізіміне енді", - деп хабарлайды Idea-lab.kz.

Көшелердегі сауда алаңдары - жылжымайтын мүлік нарығындағы белсенді сегмент. Алматының негізгі көшесінде бутиктерді жалға алу құны орташа есеппен ай сайын бір шаршы метріне - 50 доллардан. Ал ірі сауда орталықтарында орынды жалға алу құны бұдан бірнеше есе жоғары - шамамен шаршы метріне 140 доллар. әл-Фараби даңғылының қымбат көшеге айналуына Louis Vuitton, Burberry, Gucci, Ralph Lauren, Dolce & Gabbana, Fendi және Breitling сияқты брендтері бар Esentai Mall-дың пайда болуы себеп. 

әл-Фараби даңғылы тізімнің 40-орында. 2012 жылмен салыстырғанда, Алматы рейтингте алты орынға көтеріліп, Дубайға бір табан жақындаған және Будапештті, Варшава мен Бангкокты қуып жеткен. Әлемнің ең қымбат көшелерінің тізімінде Гонконгтегі Causeway-дың бірінші орынға шыққанын айта кету керек. Мұнда бір шаршы метрді жалға алу құны айына - 1950 доллар.

Реклама
Реклама

 

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама