Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушінің видеосы Желі қолданушыларын шулатты

Видеодан алынған кадр

Алматыда?ы ?л-Фараби да??ылында ж?ргізушіні? к?лікті ?ауіпті ж?ргізуі Казнет ?олданушыларыны? ашуын тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында жүргізушінің көлікті қауіпті жүргізуі Казнет қолданушыларының ашуын тудырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеода жүргізушінің Әл-Фараби даңғылында көліктерді үлкен жылдамдықпен басып озып бара жатқанын көруге болады. Желі қолданушылары жүргізушінің қауіпті жүрісіне ашуланды. 

Реклама
Реклама

"Бұлай шашки ойнаудың не қажеті бар әлде мақтан артық болды ма? Көліктің чек белгісі жанып келеді, бұл техниканың кез келген уақытта істен шығуын білдіреді. Көлік қираса ғана жарайды, адамдар да бар ғой", - деп жазыпты Instagram желісінің қолданушысы. 

"Кәсібилігі жоғы бірден білінеді. Бір-екі рет мұндай болса, одан кейін қағылады", - деп атап өтті өзге қолданушы. 

"Бұл көпшілікке арналған жол, өз өледі де, өзгені де ала кетеді, ертерек ойлану керек, кейін емес", - деп жазыпты тағы бірі. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама