10 қаңтар 2019 09:39

Әлемдегі ең бай адам ажырасқалы жатыр

Джефф пен Маккензи Безос. © Google News

Әлемдегі ең бай адам саналатын, Amazon компаниясының негізін қалаған Джефф Безос пен оның жұбайы Маккензи ажырасатындарын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдегі ең бай адам саналатын, Amazon компаниясының негізін қалаған Джефф Безос пен оның жұбайы Маккензи ажырасатындарын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз адамдардың біздің өміріміздің қалай өтіп жатқанын білсе дейміз. Байыппен жасалған зерттеудің ұзақ уақытқа созылған кезеңі мен бөлек тұрып көру әрекеттерінен кейін ажырасамыз деп және достық қарым-қатынаста қаламыз деп шештік", - делінген Безос пен оның жұбайы Маккензидің Twitter желісінде бірлесіп жариялаған хабарламасында.

Реклама
Реклама

Джефф Безос пен Маккензи Таттл 1993 жылы үйленген. Бұл жұптың үш ұлы мен Қытайдан асырап алған қызы бар.

Amazon компаниясының негізін қалаушы әлемдегі ең бай адамдардың Forbes рейтингінде бірінші орында тұр, журналдың сарапшылары оның дәулетін (қазіргі уақыт режимінде) 139,6 миллиард долларға бағалады. Олар ажырасқаннан кейін байлықты бөлісу қалай жүргізіледі, ол әзірше белгісіз.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram