ПОДЕЛИТЬСЯ
28 тамыз 2020 | 18:02
Әлемдегі ең егде ерлі-зайыпты қайда тұратыны белгілі болды
110 жастағы Хулио Сезар Мора мен 104 жастағы Вальдрамина Кинтеро Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең егде ерлі-зайыпты ретінде енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Guinness World Records сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
110 жастағы Хулио Сезар Мора мен 104 жастағы Вальдрамина Кинтеро Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең егде ерлі-зайыпты ретінде енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Guinness World Records сайтына сілтеме жасап.
Ерлі-зайыпты Эквадорда тұрады. 1934 жылы оларды немере ағасы Хулио таныстырыпты.
Хулио мен Вальдрамина 1941 жылы Китода үйленген. Бірақ некелерін құпия қиған. Неке қию рәсіміне кіндік шешелері мен ең жақын достары ғана қатысқан. Себебі, олардың некелеріне ата-аналары қарсы болған.
"Уақыт өте біз оларды татуластырып, өскелең ұрпаққа жақса үлгі көрсеттік", - дейді олар.
Хулио мен Вальдрамина 5 баланы тәрбиелеп өсірген. Олардың үлкені 58 жасында қайтыс болған. Қазір ерлі-зайыпты 11 немере, 21 шөбере мен 9 шөпшек сүйіп отыр. Олардың отау құрғанына 79 жыл болған.
Сондай-ақ, ерлі-зайыпты араларында келіспеушіліктер мен қиындықтар болғанын, бірақ мұны балаларына да көрсетпегенін айтады.
"Махаббат, өзара құрмет, адал еңбек, бірлік, отбасы құндылықтары салауатты өмір сүрудің кілті болып саналады. Біз бір-бірімізге құрмет көрсетіп, жылы ықылас танытып, қарым-қатынасымызды дамыта түстік. Бұл өте маңызды болды. Біз ешқашан төбелескен емеспіз", - дейді олар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также