13 тамыз 2020 09:28

Әлемдегі ең кәрі миллиардерлердің бірі қайтыс болды

Фото: imago stock&people/Global Look Press

Лос-Анджелесте әлемдегі ең кәрі миллиардер, америкалық медиамагнат, ViacomCBS медиакорпорациясының құрметті төрағасы, 98 жастағы Самнер Редстоун өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РЕН ТВ телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ViacomCBS компаниясының басшысы Боб Бекиштің айтуынша, Редстоун жалғыз өзі отбасылық автокинотеатр бизнесін жоғары деңгейге көтеріп, медиакорпорацияға айналдырған.

Реклама
Реклама

1936 жылы Самнер Редстоунның әкесі, миллиардер Майкл Редстоун National Amusements компаниясының негізін қалаған. Кейін компанияны кіші Редстоун басқарды. 2012 жылы ол Viacom компаниясын сатып алу бизнестегі ең жоғары жетістігі деп санады.

Сондай-ақ, ол Самнер Редстоунның басшылығымен Viacom MTV медиакомпаниясына, Paramount Pictures киностудиясына иелік етті. ViacomCBS компаниясының құрамына MTV, Nickelodeon, Comedy Central, Showtime және тағы басқа телеарналар кіреді. ViacomCBS АҚШ-тағы аудиториясы ең көп компания болып саналады.

Айта кетейік, Самнер Редстоунның байлығы 3,9 миллиард долларға бағаланып отыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram