17 қаңтар 2020 16:37

Әлемнің ең қымбат қалалары белгілі болды

© Shutterstock

Numbeo статистика ресурсы әлемнің ең қымбат қалаларының рейтінгісін жария етті, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Numbeo статистика ресурсы әлемнің ең қымбат қалаларының рейтінгісін жария етті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Компанияның мәлімдеуінше, "өмір сүру индексі" бойынша көшбасшы - Цюрих (Швейцария). Сонымен қатар, алғашқы бес орын швейцариялық қалаларға тиесілі. Цюрихтан кейінгі орында Базель, Лозанна, Женева және Берн. 

Реклама
Реклама

Үздік ондыққа Ставангер, Осло, Тронхейм, Рейкъявик пен Берген кірген. 

Нұр-Сұлтан рейтинг бойынша 386-орында болса, Алматы 389-орынға жайғасқан. Олардың арасында - Анталья мен Алжир. Ал былтыр Нұр-Сұлтан мен Алматы, тиісінше, 379 және 386-орындарда болған. 

Одан бөлек Нью-Йорк 11-орында, Токио 18-орында, Сеул 23-орында, Париж 24-орында. Ал ең қымбат ресейлік қала - Мәскеу (251-орын).

Барлығы тізімде 440 қала бар. Ресурс мәліметінше, рейтингтегі "өмір сүру индексі" қала дүкендері, мейрамханалары, қоғамдық көліктегі баға, коммуналдық қызмет бағаларына қатысты жасалған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram