Әлеуметтік желі қолданушылары мүгедектердің "Хан Шатыр" орталығына "қалай көтеріліп жүргендерін" көрсетті

Кадрдан

Әлеуметтік желі қолданушылары мүгедек жандардың "Хан Шатыр" орталағына "қалай көтеріліп жүргендерін" көрсетті, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

Әзиз Зайыров есімді қолданушы мүгедектер арбасына таңылған адамды мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус арқылы көтермек болды. Дегенмен олар мұны өткіншілердің көмегі арқылы да іске асыра алған жоқ. Ал лифт болса жұмыс істемей тұр. "Мынаған көтерілу үшін каскадер болу керек!!! Бұл Қазақстан астанасының орталығындағы жағдай", - деп жазды автор. 

Қолданушылар видеоны биліктің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік нысандарға көңіл аударар деген ниетпен түсіргендерін мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама