Алматы аспанынан ұшатын беймәлім нысан байқалды

Алматы аспанынан ұшатын беймәлім нысан байқалды Скриншот

Алматы тұрғыны "ұялы телефонымның камерасына ұшатын беймәлім нысанды түсіріп алдым" деп отыр, - деп хабарлайды "Жетінші арна".

Раушан Қасетова түсірген бейнежазбадан мегаполистің түнгі аспанындағы жарқыраған нысанды көруге болады. Оның шеңбер тәрізді екені байқалады. Куәгердің айтуынша, беймәлім нысан араға бір ай салып, осымен екінші рет байқалып тұр.

"Үйімнің жанына тоқтаған кезде жанып тұрған осы ірі дөңгелекті көрдім. Ол ұшақтан әлдеқайда үлкен. Бұл ұшақ емес, әрі дөп-дөңгелек. Кейін көшеге қайта шыққан кезде ол күрт төмен құлап кетті", - дейді Раушан. 

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, мұның алдында белгілі уфолог Қазақстандағы ұшатын беймәлім нысандар байқалатын жерлерді атаған еді. "Қазақстан-Космоіздеу" халықаралық зерттеу бірлестігінің жетекшісі Вадим Чернобров беймәлім нысандардың Қазақстан аумағына жиі қалдыратын таңбалары туралы да айтты.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама