Алматыда 1 мамырда субұрқақтар іске қосылады

©Ярослав Радловский

Алматыда 1 мамырда 10 қалалық субұрқақ бірден іске қосылады. Бұл оқиға қалада осы күні өтетін шаралардың қатарын толықтыратын болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына сілтеме жасап.

Ең бірінші ҚР тұңғыш Президенті саябағындағы басты және шағын субұрқақтар іске қосылады. Одан кейін ҚБТУ маңындағы, цирк ғимаратының төңірегіндегі, Абай атындағы МАОБТ алаңындағы және Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры алдындағы, Республика алаңындағы, қалалық әкімдік ғимаратының алдындағы, сонымен бірге ҚазҰУ-дің аумағындағы субұрқақтар іске қосылады.

Қалған субұрқақтардың қатары мамыр айының аяғына дейін штаттық режимде іске қосылатын болады. Айта кетейік, соңғы бес жылда қаладағы 28 субұрқаққа жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2014 жылы әкімдік тағы екі субұрқақты қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Жалпы Алматыда түрлі пішінде 125 субұрқақ бар.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама