Алматыда Ақын Ақынұлы "нағыз жаңа жыл Наурыз" деп, домбырамен ән салды

Домбырашы Андрей Фендриков алматылы? метрода жолаушылар?а ?н айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Домбырашы Андрей Фендриков б?л ?нерін Instagram желісіне ж?ктеді.

Домбырашы Андрей Фендриков алматылық метрода жолаушыларға ән айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Домбырашы Андрей Фендриков бұл өнерін Instagram желісіне жүктеді.

"Барлығыңызға кеш жарық. Шошымаңыздар, мұнда сіздерді күлдіру үшін келдім. Дұрыс түсініңіздер, ақша ұсынбаңыздар", - дейді ол жолаушыларға. Осыдан кейін өнерпаз ән айта бастайды.

Өнерпаз сол жерде жаңа жылды кімнің жұмыста қарсы алғанын сұрап, сауалнама өткізеді. Көбісінің жаңа жылды жұмыста өткізгенін білген ол тағы да ән сала жөнеледі:

Реклама
Реклама

"Жаңа жылды жұмыста қарсы алсаңыздар, көңіл-күйді түсірмеңіздер - басқа жолы бар. Кімге сенетініңді білмеймін. Ал нағыз жаңа жыл - бұл ... Наурыз! Наурыз! Наурыз!", - деп мәлімдейді Фендриков өз әнінде жолаушыларының қошеметіне ие болып. 

Андрей Фендриков Instagram желісінде Ақын Ақынұлы деген никпен видеороликтер жариялап тұрады. Бұған дейін ол Алматыда McDonalds тамақтану орнының ашылуында суырып-салма өнерімен тәнті еткен еді.

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама