Алматыда ер адам полицейге көліктің қауіпсіздік белбеуін таққызды

Алматыда ер адам полицейге көліктің қауіпсіздік белбеуін таққызды

Алматы облысыны? т?р?ыны полицей формасына ??сас киімдегі ж?ргізушіні? ?ауіпсіздік белбеуін та?пай отыр?анаын видео?а т?сіріп ал?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ролик авторы ескерту жаса?аннан кейін ???ы? ?ор?ау органыны? ?ызметкері белбеуді та?ады. 

Алматы облысының тұрғыны полицей формасына ұқсас киімдегі жүргізушінің қауіпсіздік белбеуін тақпай отырғанаын видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ролик авторы ескерту жасағаннан кейін құқық қорғау органының қызметкері белбеуді тағады. 

"Рөлде отырған полицей. Белбеу тақпаған. Полицей мырза! Неге белбеу тақпай отырсыз?", - деп сұрақ қойды ер адам. Осы сұрақтан кейін жүргізуші бірден белбеуді тағады. 

Ролик авторы өз кезегінде полицейге бұл әрекеті үшін алғыс айтты. Сонымен бірге, ол полицейдің белбеу тақпай рөлде отырғанына наразылығын білдірді. "Мәселен мен тақпай отырайын, маған айыппұл салады", - дейді ол. 

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама