Алматыда көшемен шаңғышыны сүйреген жүргізушіге айыппұл салынды

YouTube-тегі видеодан алынған кадр

Алматыны? ?ар бас?ан к?шелерімен к?лікке байлан?ан троссты ?стап алып, ша??ымен сыр?анан?ан жігіт жауапкершіліктен ??тылды. Алайда, к?лікті ж?ргізген адам?а айыпп?л салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіні? жетекшісі Салтанат ?зірбекке сілтеме жасап. 

Алматының қар басқан көшелерімен көлікке байланған троссты ұстап алып, шаңғымен сырғананған жігіт жауапкершіліктен құтылды. Алайда, көлікті жүргізген адамға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап. 

"Шаңғышыны жауапқа тартатын себеп жоқ. Ол қоғамдық тәртіпті бұзбады. Ал көлік жүргізушісі, 1991 жылы туған азаматқа, 91-баптың 1-тармағы бойынша жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 5 АЕК түрінде айыппұл салынды. Алматы көшелерімен осылай сноубордшы да жүріп өткен болатын, алайда, оның тұлғасы әлі анықталған жоқ", - дейді Әзірбек. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Алматыда аномальды қар жауған күндері кей адамдар қала көшелерімен экстремалды тәсілмен жүріп өткен. Әлеуметтік желілерде құқық қорғау органдарының назарына түскен бірнеше видео орналастырылды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама