Алматыда курсант ант қабылдау кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады

Алматы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі

Алматыда?ы ?скери-техникалы? мектепті? т?рбиеленушісі ант ?абылдау кезінде с?йіктісіне ?сыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматыдағы әскери-техникалық мектептің тәрбиеленушісі ант қабылдау кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, жақында 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында салтанатты іс-шара өтті. Алматыдағы әскери-техникалық мектептің 150 тәрбиеленушісі ант қабылдады. Тәрбиеленушілер бағдарлама барысында АК-74 автоматын қалай бұзып тастауды және оны қайта қалай құрастыруға болатынын, сондай-ақ, саптық даярлықты көрсеткен.

Реклама
Реклама

Содан іс-шараның соңында 23 жастағы Нұрқасым Еламан сүйіктісіне ұсыныс жасап, келген адамдарды тәнті еткен.

Айта кетейік, Нұрқасым Еламан - жүзуден және бокстан спорт шеберлігіне кандидат. Нұрқасым Еламанның айтуынша, ол сүйіктісіне ұсыныс жасауға дайындалып, қатты уайымдаған.

"Оқу аяқталған соң тәрбиеленушілер әскери билеттер алады. Айта кетейік, Алматыда әскери-техникалық мектепке үміткерлерді жылына 7-8 рет іріктейді. Үміткерлерді жергілікті әскери басқару органдарындағылар таңдайды", - деді Алматы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама