Алматыда жүргізушіні мазақ еткен полицейлер жазаға тартылды

Алматыда жүргізушіні мазақ еткен полицейлер жазаға тартылды

?зге к?лікке т?ра?тан шы?у?а жол берген ж?ргізушіні маза? еткен полицейлер жазаланды. Полицейлерді? ?ылы?ына наразы бол?ан ж?ргізуші виедоны Желіге жарияла?ан болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Өзге көлікке тұрақтан шығуға жол берген жүргізушіні мазақ еткен полицейлер жазаланды. Полицейлердің қылығына наразы болған жүргізуші виедоны Желіге жариялаған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"БАҚ-та жарияланған мәліметке қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша Алматы ІІД-нің 30 желтоқсандағы жарлығымен Алматы ІІД ӘПБ жол-патрульдік полицияның арнайы батальонының инспекторлары Мемлекеттік қызметкердің этикалық нормасын бұзғаны үшін және қарамағындағылардың әрекетіне қажетті бақылау жасамаған командир әкімшілік жауапқа тартылды", - делінген ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Facebook-тегі парақшасында.

Реклама
Реклама

 Еске салайық, Оқиға Алматыдағы Жібек Жолы мен Қонаев көшелерінің қиылысында болған. Басылым оқырманы бағдаршамның жасыл түсіне үлгере алмайтынын аңғарып, тұрақтан шығып келе жатқан ВАЗ-2107 жүргізушісіне жол беруді ұйғарады. Осы уақытта оның артынан қызметтік көлікпен келіп қалған полицейлер дыбыс зорайтқышпен "Suzuki, жүресің бе, жоқ па?" дейді. Кейін полицейлер жүргізушіге "қызыл кресттенсің бе?" деп тағы сұрақ қояды. "Бұл сұрақ жүргізушіге сол ұйымда жұмыс істейтінін анықтау үшін қойылды, бірақ оның сұрағынан құрмет белгісі танылмады", - деп жазады басылым. Бұдан кейін жүргізуші мен полицей сөз таластырып қалған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама