17 наурыз 2022 | 14:52

Алматы ауруханасындағы 2 жасар тастанды сәбиді әкесі қайтарып алады

Дина Шарипханова Корреспондент

Қорғаншылық және қамқоршылық органдары бұған дейін бірнеше ай бойы Алматы ауруханаларының бірінде болған екі жасар баланы әкесіне қайтарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қорғаншылық және қамқоршылық органдары бұған дейін бірнеше ай бойы Алматы ауруханаларының бірінде болған екі жасар баланы әкесіне қайтарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық білім басқармасы мәліметінше, ДНК сараптамасы екі жасар Тәңірбергеннің әкесі 37 жастағы Мейірбек Тілепбаев екенін растаған.

"Сот болды, ДНК анықталды. Ер адам туу туралы куәлік жасаған бойда баланы әкесіне береміз", - деді Алматы қалалық білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Жанна Тасирова.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Алматы ауруханаларының бірінде екі жасар бала жатқаны хабарланған болатын. Баланың ата-анасы оны ауруханадан алып кетпеген.
 
Полиция мәліметінше, бала 2021 жылдың 22 қыркүйегінде Саин көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысынан табылған. Қасында әкесі болған.

"Қызметкерлер оларды Әуезов аудандық Полиция басқармасына жеткізді. Ер адам оның әкесі екенін айтты, бірақ құжаттарын көрсете алмады. Оның айтуынша, олар Жамбыл облысы Мерке ауылынан келген. Ер адам баланың анасы тастап, белгісіз бағытта кеткенін, тұратын жері жоқ екенін айтты. Баланың құжаты жоқ, себебі анасы құжат жасамаған", - деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгендіктен, полицейлер оны тексеруге ауруханаға жеткізді. Баланың жағдайын тексергеннен кейін дәрігерлер оның дені сау екенін айтты.

Алматы ауруханасында тасталған баланың әкесі болуы мүмкін деген адам табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная