ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қазан 2020 | 09:25
Алматы облысының тұрғыны 9 жылдан бері өлілердің тізімінде болған
Алматы облысының тұрғыны Кенжебек Алпысбаев тоғыз жылдан бері өлілердің тізімінде екенін аяқ астынан білді , - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы облысының тұрғыны Кенжебек Алпысбаев тоғыз жылдан бері өлілердің тізімінде екенін аяқ астынан білді , - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".
Телеарна мәліметінше, ол бұған дейін жұмыс істеген, мемлекеттік қызмет алып, салық төлеп жүрген. Кенжебек Алпысбаев Nur Otan партиясының праймеризіне қатыспаса құжат бойынша өлілердің тізімінде екенін білмей қалуы мүмкін болған екен.
2011 жылы Кенжебек Алпысбаевтың анасы қайтыс болған. Сөйтіп ол анасы қайтыс болғаны туралы куәлік алу үшін өтініш жазған. Алайда мамандар анасының ЖСН-ын жазудың орнына өтініш берушінің мәліметін жазып жібергені анықталған.
"Бастапқыда қалай өлілердің тізімінде екенімді түсінбей таңғалдым. Сұмдық! Негізі партия қатарындамын, жыл сайын жарна төлеймін, жиындарға қатысып тұратынмын. Базаны тексермеген болуы керек, бұл жерде адами фактор болып тұр ғой", - дейді Алпысбаев.
Ер адам құзырлы органдарға шағымданды. Ол жерде арнайы комиссия құрылып, тергеу жүргізіліп, қай маман қателескенін анықтады. Жіберілген қате түзетілді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также