Алматылық студент "Орел и Решка" жасырған 100 долларды тапты

Алматылық студент "Орел и Решка" бағдарламасының жүргізушілері жасырған 100 долларлық купюрасы бар бөтелкені тапты. Ол "қазынаны" тревел-шоудың Қазақстан туралы бөлімі шыққаннан кейін бірден тауып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылық студент "Орел и Решка" бағдарламасының жүргізушілері жасырған 100 долларлық купюрасы бар бөтелкені тапты. Ол "қазынаны" тревел-шоудың Қазақстан туралы бөлімі шыққаннан кейін бірден тауып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламаның Қазақстан туралы эпизоды қаңтардың ортасында шықты. Онда Настя Ивлеева мен Юлия Коваль Алматы мен Алматы облысының көрікті жерлерін көрсеткен болатын.

Бағдарлама дәстүрі бойынша, жүргізушілер 100 доллар мен хат салынған бөтелкені жасырды. Ол "Есентай көгалдары" саябағында екені айтылды, нақты координаттар да көрсетілді. 

Реклама
Реклама

Бөтелкені 18 жастағы студент Тамерлан Дүйсембин тапты. Жігіттің айтуынша оның бағы бар, өйткені "қазына" үйінің жанында жасырылған.

"Мен ол жерге бірнеше минутта жеттім, арнайы белгінің астынан қазынаны таптым. Бірте-бірте басқа адамдар да келе бастады, бірақ мен оларға олжамды көрсетуге батылым жетпеді, өйткені артымнан қуа ма деп жағымсыз жағдайлардан қорықтым", - дейді Тамерлан.

Жігіт 100 долларын сақтап қоятынын айтты, қазір ол Еуропаға саяхаттау үшін ақша жинап жүр екен. Бөтелкеде хат та болған. Онда құттықтау сөзі мен пошта жазылған, оған бөтелкенің суретін жіберу керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама