01 маусым 2017 | 11:42

Алматылықтар жазғы демалысты қайда өткізетінін айтты

© Biggest.su

"АСТ Қазақстан" компаниясы алматылықтардың осы жазда қайда демалуды жоспарлап отырғанын білу мақсатында сауалнама жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АСТ Қазақстан" компаниясы алматылықтардың осы жазда қайда демалуды жоспарлап отырғанын білу мақсатында сауалнама жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сауалнама қорытындысы жұмыс істейтін алматылықтардың 53 пайызы жыл сайынғы еңбек демалысын алуға ниетті екенін, ал бес пайызы еңбек демалысына шығып қойғанын көрсетті. Сауалнама алынғандардың үштен бірі болса еңбек демалысынан бас тартпақ. 

Реклама
Реклама

Еңбек демалысына шығатын алматылықтардың 32 пайызы үйде өткізеді. Ал 1 пайызы саяжайға бармақ. 

Сауал қойылғандардың 35 пайызы еліміздің басқа қаласы немесе аймағына барады, ал 24 пайызы шетелде демалуды жоспарлап отыр. 

Алматылықтар жиі таңдайтын бағыттар - Қырғызстан (Ыстық көл), Ресей, Түркия, БАӘ және Батыс Еуропа. Мұны жақында өткізілген зерттеу қорытындысы көрсетіп отыр. 

Сауалнама 2017 жылдың 18 және 22 мамыры аралығында өткізілді. Сауалнамаға 400 адам қатысты. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram