Алматылықтар төрт жылға ұзақ өмір сүретін болған

Алматылықтар төрт жылға ұзақ өмір сүретін болған © Николай Колесников

Алматылықтар төрт жылға ұзақ өмір сүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаевқа сілтеме жасап.

"Қалалықтардың өмір сүру ұзақтығы соңғы бес жылда төрт жылға дейін ұзарды, 2014 жылдың қорытындысы бойынша 74,6 жасты құрады", - деді Қырықбаев Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа жиынының барысында.

Ол Алматының осы көрсеткішпен Еуропа қалаларының (Будапешт, Варшава, Мәскеу) өмір сүру деңгейіне жетіп қалғанын айтты. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары биыл қалада жаппай спортты қаржыландырудың 20 есе өскенін, жаңа спорт алаңдарының салынып жатқанын хабарлады. Мәселен, Алматыда жыл соңына дейін ауладағы 300-ден аса спорт алаңдары пайда болады.  

Айта кетейік, мысалы скандинав елдерінде әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 80 жастан асады, ал ер адамдар орташа есеппен 75 жасқа дейін өмір сүреді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама