22 шілде 2020 09:45

Алматылықтарға қаладағы жыландарға байланысты ескерту жасалды

Видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде тас төсеуіште жүрген жыланның видеосы тарап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, ол Алматыда түсірілген. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіндегілер жыланның адамдарға қаупі бар-жоғы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жылан түсірілген видео тарап жатыр. Ролик ботаникалық саябақта түсірілген болуы мүмкін. Пайдаланушылар жылан адамға қауіпті ме деп алаңдады.

Реклама
Реклама

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіндегілер видеоға қатысты пікір білдірді. Мамандар тұрғындардан жыланнан қорықпауды және оны өлтірмеуді сұрады.

"Алдын ала болжам бойынша бұл улы жылан емесс. Бұлар - Алматының кәдімгі тұрғындары. Адамдар табиғат пен оны мекендеушілерге қамқорлық көрсетуі керек. Егер табиғатта жабайы жануарлар, құстар немесе жылан көрсеңіздер, қасынан өтіп кетіңіз", - деді комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram