Алматылық бүлдіршіндер "Пусть говорят" ток-шоуын "жарды"

© instagram.com/aminokka

Алматылық 5 жасар Әмина, 3 жасар Әдия мен бір жарым жасар Аружан ресейлік белгілі "Пусть говорят" ток-шоуына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүлдіршіндер "Пусть говорят" бағдарламасының "Аффтар жжот" циклына қатысты, ол 30 наурызда эфирге шығады. "Біз жардық десек те болады. Түсірілім ойдағыдай өтті, жақында көрсетіледі, 30 наурызда болуы мүмкін, бірақ нақты қай күні көрсетілетінін жазамын, парақшамды қарап отырыңыздар. Останкино өте үлкен, қаншама күзет, халық көп, бөлмелері жетерлік. Қысқасы, бәрі тамаша өтті, дарынды балалармен және олардың ата-аналарымен таныстық. Шексіз позитивке бөлендік", - деп жазды қыздар Instagram парақшаларына.


© instagram.com/aminokka

Реклама
Реклама

Айта кетейік, алматылық бүлдіршіндер Интернетте жұлдызға айналды. Қыздар түскен қысқа видеолар YouTube және Instagram желісінде мыңдаған көрілім жинап жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама