Алматылық кішкентай блогердің көкейкесті тақырыптарға түсірген видеолары Қазнет қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, кішкентай Медина Майсар Instagram желісінде елде болып жатқан өзекті мәселер жайлы пікірлерін білдіре отырып, танымал бола бастады.
"Қазақстан - менің Отаным! Бұл менің қазір елде болып жатқан мәселелерге деген көзқарасым. Күнделікті болып жатқан жаңалықтар, оқиғалар. Парақшамды оқу міндеттеледі!", - деп жазған блогер Медина Майсар.
Соңғы жазбаларында Медина EXPO-2017 символдары - Сәуле, Мөлдір және Қуат жайлы видео түсіріпті. "Мен Қазақстан азаматы ретінде осы үшін ұяламын. EXPO көрмесінің әдемі әрі лайықты өтуін қалаймын", - деп жазған Медина.
Тағы бір жазбасында Медина уақытша тіркеуге қатысты жазба қалдырыпты. Сондай-ақ, еліміздің "кітап оқитын" арулары жайлы видеосы да Желі қолданушыларын тәнті етті.