Алматылықтар Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні жайлы не біледі?

?аза?станды?тарды? ?озы К?рпеш - Баян С?луды? ??рметіне атал?ан ?ашы?тар к?нінде алматылы?тар TengrinewsTV басылымына б?л мерекені ?алай т?сінетіндерін айтып, махаббат жайлы пікірлерін айтты.

Қазақстандықтардың Қозы Көрпеш - Баян Сұлудың құрметіне аталған Ғашықтар күнінде алматылықтар TengrinewsTV басылымына бұл мерекені қалай түсінетіндерін айтып, махаббат жайлы пікірлерін айтты.

"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" поэмасы кейіпкерлерінің күні Қазақстанда 15 сәуірде атап өтіледі. Аңыздарға қарағанда, балалық шағынан бері дос болып келген Сарыбай мен Қарабай балаларын бір-біріне үйлендіруге уәде берді. Балалары дүниеге келмей тұрып, оларды некелестіріп қояды. Бірақ Сарыбай ұлы дүниеге келгенше дүниеден озады.

Реклама
Реклама

Содан уақыт өте келе Қарабай жоспарларын өзгертіп, қызын жергілікті палуан Қодарға беруді шешеді. Бірақ Қодар ғашықтардың арасына кедергі болып, Қозы-Көрпешті жауыздықпен өлтіріп тастайды. Ал Баян болса Қодардан кек алу үшін қулыққа барады. Cөйтіп ол Қодарға тұрмысқа шығуға уәде береді. Бірақ Баян оған бір шарт қояды. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама