11 мамыр 2019 18:00

Америкалық өз ауласында екі аюдың айқасын видеоға түсірді

видеодан үзінді

АҚШ тұрғыны өз үйінің ауласында екі ірі аюдың төбелесіп жатқанына куә болды. Ол дереу видеоға түсіріп, YouTube желісінде жариялаған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ тұрғыны өз үйінің ауласында екі ірі аюдың төбелесіп жатқанына куә болды. Ол дереу видеоға түсіріп, YouTube желісінде жариялаған. 

Роликтің кадрларында аюлардың артқы аяқтарымен тұрғаны көрінеді, олар бір-бірін тістелеп, итеріп, үй иесіне ешқандай назар аудармайды.

Реклама
Реклама

Бірнеше секундтан кейін ер адам үйге қайтып оралуды ұйғарады, өйткені жыртқыштар үйге тым жақындап қалған. 

Куәгердің айтуынша, ол өз үйінің ауласында мұндай ірі аюларды көремін деп еш ойламаған. Оның айтуынша, аюлар жақын маңдағы ұрғашы аю үшін айқасқан. Ол сондай-ақ, шайқас бір минут бойы созылғанын, содан кейін жануарлар жоғалып кеткенін, бірақ аулада шашылған жүн және көптеген қан іздері қалғанын айтты. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram