Америкалық спортшы Путинмен кездесудің алдында қалай масқара болғанын айтып берді

© stern.de

Ережесіз жекпе-жектерде ?нер к?рсетіп, ?азіргі уа?ытта мансап жолын ая?та?ан америкалы? спортшы ?ыз Джули Кедзи жа?ында берген с?хбаттарыны? бірінде Ресей президенті Владимир Путин мен Италияны? б?рын?ы премьер-министрі Сильвио Берлусконимен ?тетін кездесуді? алдында б?тына жіберіп ?ой?анын мойындады. Б?л о?и?а осыдан 10 жыл б?рын Санкт-Петербургтегі жарыстарда бол?ан, - деп хабарлайды Stern басылымы.

Ережесіз жекпе-жектерде өнер көрсетіп, қазіргі уақытта мансап жолын аяқтаған америкалық спортшы қыз Джули Кедзи жақында берген сұхбаттарының бірінде Ресей президенті Владимир Путин мен Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлусконимен өтетін кездесудің алдында бұтына жіберіп қойғанын мойындады. Бұл оқиға осыдан 10 жыл бұрын Санкт-Петербургтегі жарыстарда болған, - деп хабарлайды Stern басылымы.

Спортшы қыздың айтуынша, мұндай масқара жағдайдың болғанын айтып беру оның ойында да болмаған. 

Басылымның мәліметінше, раундтар арасында біреу Джули Кедзидің мойнына суық су төгіп жіберген. "Мен ауаны бүлдіріп жібердім деп ойлап қалдым, бірақ ол кезде басқа жағдай болған екен", - деп еске алады спортшы. Спортшының айтуынша, ол сол сәтте бұтына жіберіп қойған. Бірақ жекпе-жек кезінде киім ауыстыруға болмайды екен. Сондықтан ол жекпе-жекті жалғастыра беріп, соңында жеңіске жеткен.

Реклама
Реклама

Содан жекпе-жек аяқталған соң ұйымдастырушылардың бірі барлығын автобусқа шақырған. Сол кезде де америкалық Джулидің киім ауыстыруға уақыты болмаған. Осылайша, Джули сол күйінде автобусқа қарай кеткен.

Бірде автобуста оның алдына актер Жан-Клод Ван Дамм келіп тұрған. "Бұл бір сұмдық болды. Мен сасқалақтап қалдым, не істерімді білмедім. Үстімнен жаман иіс шығып тұрғаны үшін кешірім сұрадым", - деп келтіреді ИноТВ Джулидің сөзін.

Содан автобус тоқтаған кезде спортшы қыз бірден дәретханаға қарай жүгіріп, киімін ауыстырып алған. Бірақ жағымсыз иісті кетіру мүмкін болмаған. Ал кейіннен ол жолда Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускониді кездестіріп қалған. Сондай-ақ, сол сәтте спортшының қасына Владимир Путин де келген екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама