АҚШ елшісі қара жорға биледі

Видеодан алынған кадр

А?Ш-ты? ?аза?станда?ы елшісі Джордж Крол ?ара жор?а биледі. Видео елшілікті? ?леуметтік желідегі ресми пара?шасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол қара жорға биледі. Видео елшіліктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Би мен музыканың тілі - бір! Би - ойды, көңіл-күйді, мәдениетті білдіру. Бүгін Халықаралық би күні! Билеңдер, достар!", - деп жазылған видеоның астында.

Айта кетейік, Джордж Крол түрлі мерекеге арналған қазақ тіліндегі құттықтауларын жиі жариялап отырады. Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында ол видеоқұттықтаулар жазу өзінің идеясы екенін айтты. "Бұл өте қиын, себебі мен қазақ тілінде аса еркін сөйлей алмаймын", - деді Крол.  

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама