АҚШ-та 1,5 миллиард долларлық джекпоттың иесі табылды

АҚШ-та 1,5 миллиард долларлық джекпоттың иесі табылды © Аbc7ny.com

Калифорния штатында 1,59 миллиард долларлық джекпоттың иесі табылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, ұтыстың бір билетте екені немесе бірнеше билетке бөлінгені әзірше белгісіз. "Біз басқа штаттардың нәтижелерін күтіп отырмыз", - деді лотерея өкілдері.

Сонымен қатар, "сәтті билеттің" Лос-Анджелес маңындағы Чино-Хиллз қаласында сатылғаны анықталды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, америкалық белгілі Powerball лотереясының джекпоты рекордтық 1,3 миллиард долларға жетіп, тарихтағы ең үлкен бизнес лотереясы болған еді. Сонымен қатар, лотереялық билеттердің сатылымы да рекордтық деңгейге жетті. Техаста бір сағат ішінде лотерея билетін сатушылар 4,9 миллион доллар пайда тапқан.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама