ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 тамыз 2018 09:24
АҚШ-та қазақ әнін орындаған саксофоншының видеосы Қазнетті таңғалдырды
Қазнет қолданушыларын АҚШ-тағы көше саксофоншысының қазақ музыкасын орындауы таңғалдырды. Музыканттың орындауын қазақстандықтар видеоға түсіріп, желіге салған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде саксофоншының "Қамажай" әні мен Әнұранды, "Көзімнің қарасын" аса шеберлікпен ойнаған видеосы лезде таралған.
Видеоға сүйенсек, оқиға Нью-Йорк қаласында болған.
Музыкантты бірнеше қазақстандық қоршап алған, біреуі саксофоншының орындауын видеоға түсіріп, әнмен сүйемелдеп тұрған.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу