Ақтауда балалар ересектер тақырыбына сурет салды

Ақтауда балалар ересектер тақырыбына сурет салды © lada.kz

Ақтауда балалар ересектер тақырыбына сурет салды, - деп хабарлайды "Лада".

Порталдың мәліметінше, 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай мемлекеттік кіріс департаменті "Бюджетке төленетін міндетті төлемдер" атты балалар арасында сурет байқауын ұйымдастырды. Балалар "бюджет", "салық", "кедендік төлемдер" деген ұғымдарды өз түсініктері бойынша бейнелеп, қағаз бетіне түсіріп, түрлі-түсті етіп бояды.

Реклама
Реклама

"Байқау комиссиясына жеңімпазды анықтау оңай болған жоқ, сондықтан комиссия мүшелері балалардың барлығына бірдей сыйлықтар таратып, шығармашылыққа арналған жиынтықтарды табыс етуді ұйғарды. Сонымен қатар, балалардың жұмыстары Астанада өтетін республикалық көрмеге жіберілетін болды", - деп хабарлайды мемлекеттік кіріс департаменті баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама