Ақтаулық бала Андрей Малаховтың бағдарламасында көрерменнің көңілін босатты

© instagram/nurmuhammed_ibragim

А?таулы? Н?рм?хаммед Жа?ып "Россия-1" телеарнасында?ы "Привет, Андрей!" ба?дарламасында ?нер к?рсетті.

Ақтаулық Нұрмұхаммед Жақып "Россия-1" телеарнасындағы "Привет, Андрей!" бағдарламасында өнер көрсетті.

Бала Интернеттегі видеолармен атақты болған балаларға арналған бағдарламаға қатысты. "Бізде қонақта Қазақстаннан келген жарық жұлдыз", - деп таныстырды жүргізуші Андрей Малахов. 

Нұрмұхаммед анасына арналған әсерлі композицияны орындап берді. "Мен бұл әнді орындағанда анамды ойлаймын. Мен оны барлық аналарға арнаймын", - деді ол өнер көрсетер алдында.

Реклама
Реклама

Жас дарынның өнер көрсеткен сәті түсірілген эпизод 1:06:52-та басталады.

Нұрмұхаммед Жақып әлеуметтік желіде кеңінен танымал, деп хабарлады "Лада". Қазір оның Instagram парақшасында 260 мыңнан аса оқырман бар. Баланың тыңдармандары оны Қазақстан эстрадасының болашақ жұлдызы деп атайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама