Ақтөбе облысында Майкл Джексонның биін билеген болашақ ұшқыштар генералдан сөз естіді

Ақтөбе облысында Майкл Джексонның биін билеген болашақ ұшқыштар генералдан сөз естіді ©КТК телеканалының кадры

Ақтөбе облысында Майкл Джексонның биін билеген Әуе институтының курсанттары генералдан сөз естіді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Курсанттар әскери жоғарғы оқу орнының алаңына шыққан. Олар атақты "лунная походка" биін орындап жатқан кезде Мәжіліс депутаты, генерал Бақытжан Ертаевтың дауысы естілді. Генерал Бақытжан Ертаев алаңда патриоттық әндер орындалуы керек екендігін ескертті. "Бұл әскери алаң. Біз әскерге шақырылушыларды шығарып салып отырмыз. Бұл жерде патриотизм болуы керек!", - деді Б.Ертаев микрофонда.

Жарнама
Жарнама

Осыдан кейін болашақ ұшқыштар биді бірден тоқтатты. Енді бұл би олардың репертуарынан бір жолға алынып тастала ма, ол жағы белгісіз. Белгілісі, бұл би ақтөбеліктерге қатты ұнаған. Өйткені курсанттар мұны қалалық іс-шараларда талай рет орындаған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама