Ақтөбедегі бір мекеме қала тұрғындарының зәресін ұшырды

Instagram желісіндегі aktobe_zello аккаунтынан

А?т?беде Хэллоуин мерекесіні? ?арса?ында бір мекемені? алдында ар?ан жіпке асылып т?р?ан адамдарды? макеті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Instagram желісіндегі aktobe_zello аккаунтына сілтеме жасап.

Ақтөбеде Хэллоуин мерекесінің қарсаңында бір мекеменің алдында арқан жіпке асылып тұрған адамдардың макеті пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Instagram желісіндегі aktobe_zello аккаунтына сілтеме жасап.

 Кейінірек лаунж бардың қожайындары бұл әрекеті үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады. "Мекемеміздің атынан осы әрекетіміз үшін көпшіліктің алдында кешірім сұраймыз. Мұны қойғандағы ойымызды түсінбеген адамдардан кешірім сұраймыз. Қысқаша айтқанда Halloween мерекесінің (әрине біреулер үшін бұл мереке болып саналмауы мүмкін, алайда көптеген елдерде бұл мерекені көңілді қарсы алады) қарсаңында мекемені немесе өз үйін қорқынышты кейіппен әрлейді. Сол себепті де осындай жағдайға тап болдық. Бұл жәй ғана ақталу емес, біз шын мәнінде осы ойымызды түсінбеген және қорқып қалған адамдардан кешірім сұрағымыз келеді. Бізді кешіріңіздер, біз енді бұлай қорқытпайтын боламыз!", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Кешірім сұраумен қатар, мекеме басшылығы батыс мерекесінің қорқынышты атрибуттарын алып тастауға мәжбүр болды.

 

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама