ПОДЕЛИТЬСЯ
01 ақпан 2019 | 08:38
Арманына жету үшін күнде 120 шақырым жол жүретін қыздың сұхбаты
Батыс Қазақстан облысы Янайкино ауылының тұрғыны 16 жастағы Рамзия Утяпова күнде волейболдан жаттығуға бару үшін Оралға барады. Қыз кез-келген ауа райында әрлі-берлі 60 шақырым жол жүреді, - деп хабарлайды "Уральская неделя" тілшісі.

Рамзия туралы журналистер жергілікті "Грация" әйелдер волейбол командасының жаттықтырушысы Куленке Губашевадан білген. "Ынтасы мен тәртібі жағынан әртүрлі спортшыларды жаттықтырдым. Бірақ мұндай қызды бірінші кездестіруім. Ондайлар спортта жақсы нәтижеге жетеді", - дейді ұстаз.
Жас спортшы репортажда өзі жайлы айтып берді. "Кәсіби волейболшы болғым келеді. Әлем чемпионатында ойнап, көп ұпай жинап, жеңіске жетуді армандаймын", - дейді қыз.
Показать комментарии
Читайте также