Ашхабад тұрғынын коронавирусқа қарсы маска таққаны үшін ұстаған

24 ақпанда Ашхабад тұрғынын медициналық маска кигені үшін полицейлер ұстады, - деп хабарлайды "Хроники Туркменистана"

24 ақпанда Ашхабад тұрғынын медициналық маска кигені үшін полицейлер ұстады, - деп хабарлайды "Хроники Туркменистана"

Басылым мәліметінше, әйел адам үйінен қайтып бара жатқан кезде полицейлер тоқтатқан. Тұрғылықты мекенжайы бойынша мәселе болмаған, алайда командирге әйел адамның маскамен жүргені ұнамаған. 

"Сен үкіметтің вирусқа қарсы шараларына сенім артпайсың ба? Біз және біздің басшылығымыз маска тақпаймыз, бірақ сен не үшін тағып жүрсің?", - деген полицей. 

Реклама
Реклама

Ұсталған тұрғын ол тек медицина қызметкерлерінің нұсқаулығын орындағанын айтқан. Бірақ оны полиция бөлімшесіне жеткізіп, 249 манат (шамамен 26 800 теңге) айыппұл салған. Айыппұлды банк арқылы төлеуді талап еткен. Кепіл ретінде келіншектің төлқұжатын алып қалған. 

Ашхабад тұрғыны келесі күні айыппұл төлегеннен кейін оған түбіртек беріліп, төлқұжаты қайтарылған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама