ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 08 наурыз 2016 09:28
Астана әкімі нәзік жандыларды Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады
Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков нәзік жандыларды 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Көктемнің шуақты сәті аналарымыз бен аруларымыздың мейрамынан бастау алады. Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді. Әйел бақыты - жар сүю, ана болу, елге тұтқа, ұрпаққа пана болу. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие", - деді әкім.
Ол әйелдер қауымын мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларына бақ-береке, еңбектеріне табыс тіледі. "Әрдайым жадырап, гүлдей құлпырып жүре бергейсіздер!", - делінген әкімнің құттықтау хатында.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу