Астана тұрғындары аспаннан ерекше нысанды байқады

Куәгерлер жолдаған сурет

Астана тұрғындары аспаннан ерекше нысанды байқады. Таңғажайып құбылыстың суреті мен видеосын куәгерлер Tengrinews.kz редакциясына жолдады.

Астана тұрғынының айтуынша, ол сағат 18.15 шамасында Шұбар ықшамауданында аспаннан белгісіз жарықты көрген. Әуелі қыз мұны прожектор деп ойлағанын айтты. Ол нысанды суретке түсіріп, құрбысына жіберген.

Реклама
Реклама

Тағы бір куәгер Уәлиханов-Абай қиылысында аспандағы жарықты видеоға түсіріп алады. Астананың кей тұрғындары мұны зымыран деп ойлаған.

Айта кетейік, ресейлік ақпарат құралдары да бүгін Омбы, Томск және тағы бірнеше қаланың тұрғындарының аспаннан ерекше нысанды байқағандарын жазды.

Сонымен қатар, бүгін түнде метеорит жаңбыры жауады деген де ақпарат таратылды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама