ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 қыркүйек 2018 13:54
Астанада әйел адам көпқабатты үйдің терезесінен қоқыс лақтырған
Астана т?р?ындары к?п?абатты ?йді? терезесінен ?о?ыс ла?тыр?ан ?йелді? ?рекетіне наразылы? білдіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана тұрғындары көпқабатты үйдің терезесінен қоқыс лақтырған әйелдің әрекетіне наразылық білдіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, әйел адам қоқысты "Номад" тұрғын үй кешенінің 10-қабатынан лақтырған.
Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жағдай 8 қыркүйекте болған.
"Жергілікті полиция қызметкерлері видеодағы әйелдің 54 жастағы екенін анықтады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материалдар сотқа жолданды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу