Астанада автобус жүргізушілері концерт қойды

Фото astana.gov.kz сайтынан алынды

Астанада автобус жүргізушілері концерт қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін Астана қаласының Автобус парктерінің кондукторлары, жүргізушілері, инженерлері би билеп, ән айтты. Бұл шара Астана қаласындағы М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында Қазақстан халқының Тілдер фестивалі аясында өткізілген.

Аталмыш шараны Астана қаласының Тілдер басқармасы және Астана қаласының "Жолаушыларды тасымалдау орталығы" ұйымдастырған. "Жолаушыларды тасымалдау орталығы" ЖШС-ның директоры Бақытжан Ертаевтың айтуынша, мұндай шара жыл сайын өткізіліп келеді екен. Мамандар мұндай фестиваль бірінші кезекте халқымыздың тілін дамытуға септесетінін айтады. "Өйткені, тіл бүкіл халықтың игілігі, ол ұлттың бірігуіне әсер етеді" - дейді олар.

Реклама
Реклама

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама