Астанада "Бәйтерек" монументінің қайта жөндеу жұмыстарына 2 миллиард теңге жұмсалды

Астанада "Бәйтерек" монументінің қайта жөндеу жұмыстарына 2 миллиард теңге жұмсалды © Тұрар Қазанғапов

Астанада?ы "Б?йтерек" монументіні? ?айта ж?ндеу ж?мыстарына ?анша ?аражат ж?мсал?аны жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астанадағы "Бәйтерек" монументінің қайта жөндеу жұмыстарына қанша қаражат жұмсалғаны жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді Астана маслихатының отырысында елорданың басты символына айналған ғимаратқа жұмсалған қаражат туралы айтты. 

"Биыл мәдениет нысандарына үш миллиард теңге бөлінді. "Бәйтерек" мұнарасын қайта жөндеу жұмыстарына 2 миллиард теңге жұмсалды. Әлеуметтік атаулы шараларды өткізуге - 307 миллион теңге бөлінді", - деді Ерғали Егемберді.

Реклама
Реклама

"Бәйтерек" монументі 2017 жылы қаңтарда жабылған еді. Астананың басты символына айналған нысан маусым айында ашылды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама