11 шілде 2017 | 11:45

Астанада төртемді дүниеге әкелген ана балаларының суретін жариялады

Спановтар отбасы. © Жеке мұрағат

Астанада төртем босанған Салтанат Спанова балаларының суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада төртем босанған Салтанат Спанова балаларының суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төртем 2016 жылдың желтоқсанында дүниеге келген болатын. Екі ұл мен екі қыз 2 желтоқсанда туған. Арсен, Әлихан, Диара және Адель Асхат пен Салтанат Спановтардың тұңғыш балалары. 

Реклама
Реклама

2 шілдеде балаларға жеті ай толды. Олардың анасының айтуынша, балалар өз жасына сай дамып жатыр.

"Қазір балаларым ары-бері аунайды, отыруды үйреніп жатыр. Күн сайын жаңа бір белесті бағындырамыз. Серуен кезінде көшедегілер таңғалып, "О, төртем!" деп қызыға қарайды. Балаларға қарап, суретке де түсіріп алғысы келетіндер бар", - дейді Салтанат Спанова.


"Қыздар әкесінде, ұлдарым өзімде", - деп жазды шешесі суреттің сипаттамасында. Жеке мұрағаттан алынды

 Көпбалалы ана осы жасына қарамастан балалардың әрқайсысының мінезі мен әдеттері қалыптасқанын айтады.

"Бірінші екі баланы тамақтандырамыз. Әр үш сағат сайын тамақтандырамыз, қосымша тағамдарды енді ғана рационға қосып жатырмыз. Диара - көшбасшы. Не қалайтынын айта алады. Арсен байқампаз, ұстамды. Әлихан ән салып, өз тілінде сөйлегенді жақсы көреді. Адель ұйқысы келсе ұйықтап жата береді", - дейді төртемнің анасы.

Төрт баланы бағуға әжесі мен бала күтуші көмектеседі екен. Кешкі уақытта әпкесі де келіп көмектеседі. Отанасының айтуынша, серуенге шығу қиын болған. Көпбалалы отбасы тіпті басқа үйге көшуге мәжбүр болыпты. Спановтардың өзі үйі жоқ. 

"Лифтке қатысты проблема болды, біз сыймай қалатынбыз, себебі біздің балаарбамыз лифт есігінен кең. Сондықтан лифті үлкен тұрғын үй кешеніне көштік. Өз пәтеріміз жоқ. Алатын жалғыз көмегіміз - тұрғылықты жеріміз бойынша емханадан берілетін балалар қоспасы. Мұның өзіне рақмет. Басқа ешқандай проблемамыз жоқ. Қалған тіршілікті төртемнің күлкісіне қарап-ақ ұмытамыз. Бастысы - балалар ауырмаса", - дейді көпбалалы ана.

Еске салайық, 2015 жылы Алматыда үш баласы бар әйел төртем босанған еді. Үш қыз бен бір ұл 6 тамызда дүние есігін ашқан.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная