Астанадағы көшелердің бірінде он мың теңгелік купюралар ұшып жүрген - видео

Видеодан алынған кадр

О?ырман Астанада?ы адам е? к?п ж?ретін к?шелерді? бірінде т?сірілген видеоны жолдады, онда ?тіп бара жат?ан адамдар мен к?лік ж?ргізушілері желмен ?ш?ан а?шаларды жинап ж?р , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқырман Астанадағы адам ең көп жүретін көшелердің бірінде түсірілген видеоны жолдады, онда өтіп бара жатқан адамдар мен көлік жүргізушілері желмен ұшқан ақшаларды жинап жүр , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Автордың айтуынша, видео 18 мамырда Бөгенбай батыр даңғылы мен Бейбітшілік көшесінің қиылысында түсірілген.  

Реклама
Реклама

Куәгерлер жолдаған видео.

Видеодан екі жігітті байқауға болады, олар желмен ұшқан ақшаларды жинап жүр. Біраз уақыт өткенде купюраның біразы желмен жолға қарай ұшып кетеді. Жүргізушілер қозғалыстың тығыздығына қарамастан тоқтап, ақша жинайды.

Видеоның авторы кадр сыртында сөйлеп тұр, оның айтуынша, "10 мыңдық купюралар ұшып жатыр". "Мен де біреуін алармын", - деді ол, бірақ оның алдын біреу орап кетті.

Астана ІІД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, полицейлер видеоны тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, баспасөз қызметінің мамандары бұл оқиғаға қатысты ешкімнің полицияға арызданбағанын айтты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама