ПОДЕЛИТЬСЯ
08 маусым 2017 | 12:39
Астанадағы ашық аспан астындағы музей несімен таңғалдырады?
Этно-мемориалдық "Атамекен. Қазақстан картасы" кешені қайта жөндеуден өтіп, есіктерін айқара ашты. Ашық аспан астындағы музейдің жаңа 14 экспонаты бар. Tengrinews.kz тілшісі музейде болып, отандық әрі шетелдік туристерді қандай ғимараттар қызықтыратынын біліп қайтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Этно-мемориалдық "Атамекен. Қазақстан картасы" кешені қайта жөндеуден өтіп, есіктерін айқара ашты. Ашық аспан астындағы музейдің жаңа 14 экспонаты бар. Tengrinews.kz тілшісі музейде болып, отандық әрі шетелдік туристерді қандай ғимараттар қызықтыратынын біліп қайтты.
Кешеннің ашылу салтанатына орай Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы журналистерге баспасөз турын өткізді. Музейдің кіреберісінде бізді оқушылар күтіп алды. Жыл сайын жазғы демалысқа шыққан оқушылар осында гид болып жұмыс істейді екен. Біздің сұхбаттасушыларымыз Надежда мен Гүлсезім - жоғары сынып оқушылары, олардың жасы 15-те және 17-де.
"5 жыл бұрын, 2013 жылы, екі кезеңнен тұратын байқаудан өттік. Біздің жасымыз 10-да және 12-де болатын. Сол кезде іріктеуден өттік, қазір осында жұмыс істейміз. Гид-экскурсия жетекшісі болу үшін Қазақстан тарихын, географиясын жақсы біліп, үш тілді еркін меңгеріп, шешен болуың қажет", - дейді қыздар.
Қонақтарға тиімділік үшін әр гид техникалық құралдармен (микрофон және дыбыс ұлғайтқыш) жабдықталған. Жас гидтердің айтуынша, шетелдік туристер Астананың сол жақ жағалауына қатты қызығады.
"Шетелдіктер осындай шынайы макеттерді қалай жасағанымызға таңғалады. Олар бізден қалай жасадыңыздар деп сұрайды", - дейді гидтер.
Жас эксурсия жетекшілерінің айтуынша, қазақстандық туристер Астананың заманауи ғимараттарына, олардың дизайны мен сәулетіне қызығады екен.
"Қазақстандықтар заманауи нысандардың макетіне қызығады. Шетелдіктер кесенелерге қызығады. Олар атақты адамдардың атына осындай зәулім ерекше нысандар салынғанына қызығады", - дейді қыздар.
"Атамекен" паркі 2001 жылы 8 қыркүйекте ашылды. Бүгінде 400-ден аса тарихи-мәдени макет бар. Этно-мемориалдық "Атамекен. Қазақстан картасы" кешенінің директоры Алма Алтынбаеваның айтуынша, көрме картасы түбегейлі өзгеріске түскен.
"30-дан аса макетті орнаттық, оның 14-ін бірінші рет. Мысалы, тарихи-өлкетану мұражайлары пайда болды. Биыл біз суретшілерді жұмысқа алдық. Олар жаңалық алып келгісі келді. Менің ойымша, бұл біздің қолдан келді", - дейді кешеннің директоры Алма Алтыбаева.
"Биылдан бастап парк аумағының жағдайын қолайлы еттік, LED-экрандар орнаттық, мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалған", - деді Алма Алтыбаева.
Маусымда ашық аспан астындағы музейге 50 мың адам келеді деп жоспарланған. Кешенге кіру құны - 400 теңге.
Показать комментарии
Читайте также