Астаналық қыз шашын 70 мың теңгеге өсіріп, шаштаразға ақша төлемей қашып кеткен

видеодан үзінді

Астана полициясы с?лулы? салонында алая?ты? ?рекетке бар?ан к?діктіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Астана полициясы сұлулық салонында алаяқтық әрекетке барған күдіктіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

11 қыркүйекте "Алматы" аудандық полиция басқармасына сұлулық салонының шебері келіп, Ботагөз есімді белгісіз қыздың қымбат қызмет түрін алып, төлемей қашып кеткенін хабарлаған. 

"9 қыркүйекте күдікті Рысқұлбеков көшесінің бойындағы сұлулық салондарының бірінде 70 мың теңгелік шаш өсіру процедурасын пайдаланып, ақшасын төлемей қашып кеткен. Қазіргі уақытта күдіктінің кім екенін анықтау және оны ұстау үшін полицейлер жедел іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша іс қозғалды", - деді Астана ІІД өкілдері. 

Реклама
Реклама

Астана полициясы қызмет көрсету саласының мамандарына осылайша алаяқтардың құрбаны болмауы үшін сақтық шараларын қатаң ұстауға шақырады. 

"Егер осы адамға қатысты қандай да бір мәліметті білетін болсаңыз, "Алматы" аудандық ІІБ-ге (Жансүгірұлы көшесі № 2) немесе мына телефондарға хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 71-67-90, 71-61-48 немесе 102-ге", - деді полицейлер.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама