Астаналықтар қалада маса қаптағанына шағымданды: Әкімдіктің жауабы

Астана т?р?ындары ?ш к?ндік демалыстан со? ?леуметтік желілерде маса ?аптап кеткеніне ша?ымданып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана тұрғындары үш күндік демалыстан соң әлеуметтік желілерде маса қаптап кеткеніне шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Неліктен Ұлы Дала даңғылында маса қаптап кеткен? Оларды улап өлтірмеген бе? Кім біледі?", - деп жазған астаналық әйел Facebook желісіндегі топтардың бірінде.

Қаланың басқа тұрғындары да Астана күніне дейін соншалық көп масаның болмағанын жазып жатыр.

Реклама
Реклама

Ал Астана әкімдігінің өкілдері өз кезегінде жәндіктерді улау бойынша жұмыстардың сәуір және мамыр айларында өтіп кеткенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 28 маусым - 4 шілде аралығында тағы қосымша жұмыстар жүргізілді: 210,70 гектар жерде жұмыстар жүргізілді.

"28 маусымда үшінші тур басталды, бүгінде 1 372 гектар өңделді, жалпы осы жұмыстарды 15 шілдеге дейін - 1 787 гектар жерді аяқтау жоспарланып отыр", - деп түсіндірді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама