18 қыркүйек 2020 10:12

Ата-ана жоғалған ұлын 38 жылдан кейін тапты

Фото: Daily Mail

Қытайда қарт ата-ана жоғалған ұлын 38 жылдан кейін тапты, - деп хабалайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru cайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда қарт ата-ана жоғалған ұлын 38 жылдан кейін тапты, - деп хабалайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru cайтына сілтеме жасап.

Daily Mail басылымының мәліметінше, оқиға Шэньси провинциясындағы ауылдардың бірінде болған. Ерлі-зайыпты баласымен бірге бақытты ғұмыр кешіп жатқан. Алайда 1982 жылдың 12 мамырында олардың 2 жастағы Цзинь Шуй есімді ұлы жоғалып кеткен. Оқыс оқиға болатын түні отағасы Су Бинде туысына қонаққа барған. Ол түнге дейін келемін деп ойлап, үйдің есігін бекітпеген. Онда әйелі Хуан Жэньсю, ұлы мен қызы болған. Ертеңінде әйелі қасында ұйықтап жатқан ұлы Цзинь Шуйдің жоғалып кеткенін анықтаған. Ауыл тұрғындары баланы іздегенімен оны таба алмаған.

Реклама
Реклама

Су Бинде ұлы туралы қандай да бір ақпарат алу үшін басқа қалаларға барған. Ол ақша үнемдеу мақсатында көлікке отырмай жаяу жүрген. Қайғыдан қан жұтқан ана күйзеліске түскен. Жергілікті полиция тергеуді бастағанымен іс ашылмапты.

Тек 38 жылдан кейін ғана тәртіп сақшылары 70 жастағы ата-анаға олардың ұлы табылғанын хабарлаған. Полиция ұлттық дерекқордағы ДНҚ үлгілерін салыстыру арқылы 40 жастағы Цзинь Шуйді тауыпты. Ол ата-анасынан мыңдаған шақырым жерде тұрған. Оның әйелі мен баласы бар екен. Ол есімін Ли Гуолин деп өзгертіпті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram