Атасы немересін қорғап қалу үшін төрт метр питонды өлтірді
Австралия тұрғыны өзінің немересін қорғап қалу мақсатында төрт метр питонды өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі news.com.au сілтеме жасап.
Австралия тұрғыны өзінің немересін қорғап қалу мақсатында төрт метр питонды өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі news.com.au сілтеме жасап.
Бұл оқиға туралы зардап шеккен баланың анасы Аманда Ратлденд айтып берді. Оның айтуынша, 22 айлық Наиш үш жасар қарындасымен бірге үйдің дәлізінде ойнап отырған. Сөйтсе Ратленд қызының шошып қалған түріне қарап, бір шикілік барын аңғарған.
Әйел далаға шығып қараса, баласын 4,2 метрлік питон уысына қысып алғанын көрген. Онымен қоса, жылан баланың оң қолын тістеп жатқан. Келіншек өз бетімен баласын құтқара алмай, көмекке өзінің әкесін Рон Ратлендты шақырған.
Құтқаруға асыққан атасы пышақ керек екенін айғайлап, бірден жыланға сұғып жіберіп, немересін өлім аузынан құтқарып қалады. Наиш тістелген қолы және алған жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Ал жылан болса пышақтан оқиға орнында өлді.
Ратлендтің айтуынша, питон шабуыл жасамас бұрын баланың артынан бірнеше апта бойы аңдыған екен. Басылымның мәліметінше, баланың құтқаруына атасы келмесе жылан оны жұтып қояр еді.
Аметистік питон - Аустралияда мекендейтін ең ірі жыландардың бірі. Олардың ұзындығы сегіз метрге дейін жетеді.