ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қараша 2018 | 12:11
Атырау облысында "өліп-тірілген" тұрғынның ісімен арнайы комиссия айналысады
Атырау қаласының маңайында Айғали Сұпұғалиев атымен жерленген адамның мәйіті эксгумацияланды. Арнайы комиссия жасаған сараптама нәтижесі бойынша, жерленген адамның қалдығы мен жоғалып табылған ер адамның сәйкестігі 99 пайыз болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшсі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырау қаласының маңайында Айғали Сұпұғалиев атымен жерленген адамның мәйіті эксгумацияланды. Арнайы комиссия жасаған сараптама нәтижесі бойынша, жерленген адамның қалдығы мен жоғалып табылған ер адамның сәйкестігі 99 пайыз болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшсі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау прокуратурасы ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 183-бабының 1-тармағы "Қылмыстық құқық бұзушылық туралы бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар" бойынша материалды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді.
4 қарашада сот-медициналық сараптаушының қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының қызметкерлері мәйітті эксгумациялады.
Мұның алдында генетикалық зерттеу жасау үшін Сұпұғалиевтің жақын туыстарынан сілекей мен қан үлгілері алынған. Нәтижесінде олардың туыстығы 99,92 пайызды көрсеткен. Сарапшының есептеуі қайталанбады және ол ықтимал түрде берілді.
Еске сала кетсек, Томарлы ауылында (Атыраудың шет жағы) екі ай бұрын барлық жөн-жоралғыға сай жерленген ер адам үйіне оралды. Бұл туралы "Ақ Жайық" газеті жазған.
20 маусымда 63 жастағы Айғали Сұпұғалиев үйінен шығып, қайта оралмаған. Ол үйінен бұрандары да бірнеше аптаға кетіп қалып жүрген, сондықтан Айғалидің ағасы полицияға арызды 9 шілдеде ғана жазған.
Біраз уақыттан кейін полиция моладағы денені анықтау үшін туыстарын шақырған. Табылған ер адамның мәйіті ыстықтан бұзылып кеткендіктен, оны анықтау мүмкін болмады. Осылайша ДНҚ сараптамасы жүргізіліп, Айғалимен сәйкестік 99,92 пайызды көрсеткен.
"Біз сараптама нәтижесіне сеніп, жерлеу рәсімін тиісті түрде өткіздік, оған қаншама ақша жұмсадық. Мемлекетке Айғали іздеуде болған кездегі зейнетақысын қайтарып бердік. Бірақ мәселе ақшада емес. Біз кімді жерледік? Мүмкін оны да туыстары іздестіріп жатқан шығар. (...) Айғали үйге аман-сау оралғанда "өлі" ағасын көрген қызым Сәуле талып қала жаздады", - деді табылған ер адамның інісі Есенғали Сұпұғалиев.
Показать комментарии
Читайте также