ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қараша 2019 | 11:39
Атырауда түрмеде отырған қыз тұрмысқа шықты
Атырауда түрмеде үйлену тойы өтті. Жазасын өтеп жатқан қалындық, бостандықтағы сөз байласқан жігітіне тұрмысқа шықты. Қос ғашықтың тойына түзету мекемесіндегі қызметкерлер ғана куәгер болды. Алайда бостандықта ата-ана, бауырлары қолдау білдірген. Темір тордың ар жағындағы өткен тойды "Астана" телеарнасы түсірген.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырауда түрмеде үйлену тойы өтті. Жазасын өтеп жатқан қалындық, бостандықтағы сөз байласқан жігітіне тұрмысқа шықты. Қос ғашықтың тойына түзету мекемесіндегі қызметкерлер ғана куәгер болды. Алайда бостандықта ата-ана, бауырлары қолдау білдірген. Темір тордың ар жағындағы өткен тойды "Астана" телеарнасы түсірген.
Моншақтармен көмкерілген ақ көйлек, әдемі фата, сәнді шаш үлгісі. Қалыңдық та, күйеу жігіт те сәнденіп алған. Азаматтық хал актілерін тіркеу маманы неке куәлігін табыстап, жас жұбайлар неке сақинасымен алмасты. Темір тордың ар жағында демесең, барлығы әдеттегідей.
"Мен ешқашан түзету мекемесінде тұрмысқа шығамын деп ойлаған жоқпын. Соған қарамастан бақыттымын. Оны сүйемін және болашағымыз жарқын болады деп ойлаймын", - дейді жазасын өтеуші Татьяна Кисилева.
Күйеужігіт те бұрын шалыс басып, жазасын өтеп шыққан. Ол сүйгеніне жақын болуы үшін Ақтөбеден Атырауға қоныс аударып, осында жұмысқа орналасқан. Кездесуге келіп жүріп, нақты шешімді биыл көктемде ғана қабылдапты. Жастардың жоспарына ата-аналары қарсы болмаған.
"Анам қазір Санк-Петербургте, ағам да сонда. Олар біледі. Уайымдап жүр. Қуанып жатыр. Біз Татьянамен бір ауданда, бір көшеде тұрдық. Мен көшенің басында, ол аяғында тұрды. Ортақ таныстар, достар болғандықтан кездесіп қалып жүрдік. Бірақ басында бір-бірімізге назар да аудармаппыз. Кейін жүрегіміз бірге соқты. Татьянаны үнемі ойлап, уайымдаймын. Татьяна әйелдер коллониясының тігін цехында жұмыс істейді. Тігіншілікті түрмеде үйреніпті. Оның үстіндегі көзтартар қалыңдық көйлегі, тіпті фатасы, қолғабы мен гүлі де өзімен бірге жазасын өтеп жатқан тағдырластарының еңбегі. Екі күннің ішінде тігіп берді деді. Болашағына сенімді жас-жұбайлар Татьяна бостандыққа шыққанда дүркіретіп той жасаймыз, - дейді Атырау қаласының тұрғыны Вадим Кужбаев.
"Менің екі жылым қалды. Бірақ рақымшылықтан үміттімін. Президентке рақымшылық сұрап жаздым", - дейді Татьяна.
УГ 157-де 11 мекемесі басшылығының айтуынша, Татьяна тігін цехы қызметінен бөлек, мекемедегі барлық тәрбиелік-мерекелік шараларға белсене қатысады. Осыған дейін 7 алғыс хат алып үлгерген.
"Бұл кісі әйел азаматшаны өлтірген бостандықта. Өзінің танысы бірге жүрген, әртүрлі себептермен осындай жағдай болған. 13 жыл мерзім берген бұл кісіге. 13 жылдың жарты уақытын отырып тұр ғой. Бұл кісіге 2 жылдан кейін 2022 жылы уақытынан бұрын босату деген бар. Ұсынысты, мінездемесін судьяларға жолдаймыз. Судьялар бұл кісінің өмірбаянымен танысып, бостандыққа шығуы мүмкін", - дейді УГ157/11 мекеме басшысының орынбасары Руслан Сұлтанов.
"Неке қию рәсімінен соң Вадим үйіне қайтты. Ал Татьяна отрядына оралды. Енді олар екі ай сайын екі күнге кездесіп тұра алады. Қазір мұнда 100-ден астам әйел жазасын өтеп жатыр. Соңғы екі жылда 10 сотталушы өз қалауымен тұрмысқа шыққан. Айта кетейік, сотталушылардың 60 пайызы 30 жасқа дейінгі қыз-келіншектер.
Показать комментарии
Читайте также