14 қаңтар 2021 | 10:46

Атыраулық экс-әкім полицей болды

© Атырау облысы ПД

Атырау қаласының тұрғыны Зинел Каиров учаскелік полиция қызметкері болып жұмыс істеу үшін әкім қызметінен бас тартқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау қаласының тұрғыны Зинел Каиров учаскелік полиция қызметкері болып жұмыс істеу үшін әкім қызметінен бас тартқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зинел Каиров университетті "тарих мұғалімі" мамандығы бойынша бітіріп, Мақат ауданындағы мектепте жұмыс істеген. Содан кейін ол осы ауданның Байгетөбе ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған.

Реклама
Реклама

Бірақ екі жыл бұрын ол өзінің бала кездегі арманы - полиция қызметкері болу үшін қызметінен кетуге шешім қабылдады. Ал қазір ол аға лейтенант.

Экс-әкім ішкі істер органдарына қызметке орналасып, Атырау ауылдық округінің Жаңаталап ауылының учаскелік полиция инспекторы болды.

"Қызметтік міндеттерін орындау кезінде түрлі жағдайларға тап боламыз. Ұрлық, төбелес, ішімдік ішу және басқа да көптеген қылмыс пен құқықбұзушылықтар. Менің ойымша, бұл көбіне халықтың ішкі мәдениетінің төмендігінен туындайды. Осы жағдайлардың алдын алу мақсатында біз үнемі ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.

Біздің басты міндетіміз - қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, заңбұзушылықтардың барынша алдын алу. Балаларды тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлеміз", - дейді Каиров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная